Алматыдағы "Эмиль" дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы Дүйсенов көшесіндегі "Эмиль" кафесіне заңсыз салынған қосалқы нысанның бұзылып жатқанын хабарлады.

Сот шешімімен аталған нысан заңсыз деп танылған.

Бұған дейін меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша іс материалдары Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Соның негізінде әкімшілік шаралар қабылданған.

Сот қаулысына сәйкес, меншік иесі кафеге заңсыз тұрғызылған екі қабатты қосалқы құрылысты бұзуға міндеттеліп, қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алматы қалалық сотының биылғы 8 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Нысанды бұзу жұмыстары бүгін қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады