Өрт қаупі, нөсер жаңбыр және қар: 14 cәуірде ауа райы қандай болады

Фото: Zakon.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 14 сәуірде Қазақстан бойынша қауіптіметеорологиялық құбылыстар күтілетіндігін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, еліміздің шығысында көктайғақ күтіледі.

"Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, республиканың батысында, оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, елдің солтүстігінде, шығысында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанады облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Бұған дейін Қазақстанның үш ірі қаласында жел күшейіп, жаңбыр мен үсік күтілетіндігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін