Қазақстанда шай бағасы өсуде: қанша тұрады және қайдан әкелінеді

Сурет: pixabay
Бүгін, 2026 жылғы 14 сәуірде Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда шайдың қанша тұратынын және оның негізгі жеткізушісі кім екенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, наурыз айында Қазақстан бойынша қара шайдың орташа бағасы келісіне 5 846 теңгені құрады.

"Былтырғы наурызбен салыстырғанда шайдың орташа бағасы 6,9% өскен. Орта есеппен қазақстандықтар 250 грамм шай қорабын 1 462 теңгеге алады",- делінген мәліметтте.

Атап өтілгендей, өңірлер бөлінісінде қара шайдың ең төменгі бағасы Семей қаласында байқалды – 1 кг үшін 5 300 теңге. Ал ең қымбат шай Шымкенттің бөлшек сауда орындарында сатылған – 6 747 теңге/кг.

Сондай-ақ жоғары баға келесі өңірлерде тіркелді.

Қалған қалаларда орташа баға 1 кг үшін 5,4 мыңнан 5,9 мың теңгеге дейін құбылады.

Статистикаға сүйенсек, жалпы шай тұтыну деңгейі бойынша бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамм шайдан келеді.

"Шайдың негізгі жеткізушілерінің қатарында Кения бар – импортталатын өнімнің шамамен 40% осы елдің үлесіне тиесілі. Сондай-ақ негізгі көлемдер Үндістан мен Қытайдан жеткізіледі".Ұлттық статистика бюросы

Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспарлануда екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды