Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтихандарының ережелерін неге өзгертпек — ІІМ түсіндірді

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ұсынылып отырған түзетулер рәсімдердің ашықтығын арттыруға және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Атап айтқанда, емтихан тапсыру әрекеттерінің санына қойылған шектеуді алып тастау көзделіп отыр.

Сондай-ақ практикалық емтиханды мерзімінен бұрын қайта тапсыру мүмкіндігі енгізіледі — әр 10 күн сайын ақылы негізде. Бұл ретте азаматтар үшін тегін қайта тапсыру құқығы сақталады — 30 күнде бір рет.

Сонымен қатар цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Емтихан қабылдау процесін автоматтандыру деңгейін арттыру және адам ықпалын барынша азайту бойынша шешімдер пысықталып жатыр.

"Мұндағы басты міндет — көлік жүргізу дағдыларын объективті бағалауды қамтамасыз ету, баршаға тең жағдай жасау және кез келген заң бұзушылыққа жол бермеу", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтихандарының тәртібі өзгеретінін хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз