Шымкент тұрғыны үйінің жертөлесінде марихуана өсірген

Сурет: polisia.kz
Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіруге байланысты әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іс-шаралар барысында жергілікті тұрғынның үй жертөлесінде арнайы жабдықталған фитозертхана анықталды.

Ер адам жертөлені тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге бейімдеп, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Тексеру барысында құрамында есірткі заты бар өсімдік – марихуана, сондай-ақ оны өсіруге арналған техникалық құралдар тәркіленді.

Күдікті өткен жылдан бері ірі көлемде есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді