Алматыда күшті әсер ететін дәрілік заттар заңсыз сатылған

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматының түрлі аудандарында рецептсіз күшті әсер ететін дәрілік заттарды сату деректері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған препараттарды заңсыз сатып алған тұлғалар да белгілі болды. Заңсыз айналымнан дәрі-дәрмектердің ірі партиясы тәркіленді.

"Күшті әсер ететін дәрілік заттарды еркін сатуға жол берілмейді. Бұл – тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер. Мұндай фактілер ерекше бақылауда", – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батыржан Абдумасаров.

Алматыда "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы осындай нәтижелермен аяқталды. Аталған шара күшті әсер ететін дәрілік заттардың заңсыз айналымының жолын кесуге және оларды сату саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері дәріханаларды тексеріп, дәрігердің рецептісінсіз сатылған препараттарды анықтап, заңсыз айналымға қатысы бар тұлғаларды белгіледі.

Сонымен қатар, Алматыдағы дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілгені анықталды. Бұл деректерді мегаполис Қоғамдық кеңесінің комиссиясы тіркеді. Мамандар алпысқа жуық нысанды тексергенін "24kz" хабарлады.

"Дәрі сатып алуға келген адам оның бағасы шекті деңгейден аспайтынын немесе көтерілгенін білуі тиіс. Мысалы, кей жерлерде баға айырмашылығы 200–300 теңгені құрайды: бір жерде арзанырақ, бір жерде қымбатырақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, шекті бағалардың өсу жағдайлары да қаралды. Бұл жаңа салық заңының енгізілуіне байланысты өзгерістермен түсіндірілді. Ал өткен жылдан қалған дәрілер сол кезеңдегі шекті бағамен сатылуда", – деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №6 комиссия төрайымы Зауреш Аманжолова.

Қазақстанда медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмекке берілетін кассалық чектерге пациенттің ЖСН-ін енгізу ұсынылуда. Қаржы министрлігінің пікірінше, бұл жаңашылдық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын бақылауға мүмкіндік беріп, есеп айырысудың ашықтығын арттырады және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға ықпал етеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін