Павлодарда бүлдіршіндерді ұрып-соққан тәрбиеші төрт жарым жылға сотталды

Фото: Zakon.kz
Павлодарда бүлдіршіндерді ұрып-соғып қинаған балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шықты. 33 жастағы әйел төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ жазасын бес жылдан кейін өтейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК мәліметінше, былтыр маусымда бейнебақылау камерасына тәрбиешінің балаларды басынан ұрып, киімін жұлқып шешіп жатқан сәті түсіп қалған. Әйел бүлдіршіндерді орындыққа күштеп отырғызып, әр жерінен ұрған. Тіпті балаларды шашынан, құлағынан тартып, бөлмеге сүйреп, сілкілеген. Кейбірін кереуетке лақтырған. Жәбірленуші үш жасар 16 бүлдіршін танылды. Сотталушы зардап шеккендерге моральдық зиян ретінде 300 және 400 мың теңгеден өтеуге де міндеттелді. Алайда сот үкіміне ата-аналардың көңілі толмады.

"Сот Мүскен Жанель Жұмабайқызын кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және 3 жыл мерзімге педагогика қызметімен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда сотталушының кәмелетке толмаған үш баласы барын, ең кішкентайы бес айлық нәресте екенін ескере отырып, жазаның орындалуы бес жылға шегерілді". Жұлдыз Камалова, судья:

Бұған дейін Абай облысының тауларында жоғалып кеткен шетелдік өлі күйінде табылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Ақмола облысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі тергелуде

Әлемге әйгілі әнші Рики Мартин Алматыға келді