Қазақстанда қай жерде тыныс алу қауіпті: жаңа деректер

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК 2026 жылдың наурыз айында Қазақстанның 68 елді мекенінде атмосфералық ауа сапасына жүргізілген мониторингтің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ластану деңгейі төрт санат бойынша бағаланды: төмен, жоғарылаған, жоғары және өте жоғары.

Төмен деңгейге – 39 елді мекен, жоғарылаған деңгейге – 16, жоғары деңгейге – 9, өте жоғары деңгейге – 4 елді мекен жатқызылды.

Өте жоғары деңгейдегі ластану тіркелген елді мекендер: Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Абай.

Жоғары деңгейдегі ластану: Атырау, Өскемен, Риддер, Теміртау, Павлодар, Түркістан, Талғар қалалары, сондай-ақ Шұбаршы және Қызылсай кенттері.

Жоғарылаған деңгейдегі ластану: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Семей, Талдықорған, Петропавл, Тараз, Жаркент, Аягөз, Арал, Шу, Алтай, Кенкияқ және Ганюшкино.

Төмен деңгейдегі ластану: Көкшетау, Орал, Екібастұз, Атбасар, Жаңаөзен, Хромтау, Қандыағаш, Құлсары, Қостанай, Ақсу, Ақсай, Жаңатас, Қаратау, Кентау, Қызылорда, Лисаковск, Жітіқара, Рудный, Арқалық, Балқаш, Сарань, Степногорск, Шемонаиха, Щучинск және басқа да елді мекендер.

Жалпы, бір ай ішінде ауа ластануының жоғары деңгейі 32 рет тіркелді.

"Оның ішінде 19 жағдай Қарағандыда, 10-ы Атырауда және 3 жағдай Жезқазғанда болды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бұған дейін 2026 жылғы 18–20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз