Қарағандыда соқтығысқан екі мотоциклдің жүргізушілері мерт болды

Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында екі мотоцикл соқтығысып, жүргізушілері тіл тартпай кетті. Бір мотоциклде отырған жолаушы да зардап шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, жол апаты кеше кешке Ағадыр кентінің орталығында болған. Екі мотоцикл бір бағытта кетіп бара жатқан. Артында әкесі отырған 17 жастағы бала жүйткіп, екінші мопедтен озбақ болады. Бірақ алдынан көлік шыға келгенде, ол жалт бұрлып, келесі мотоциклмен соқтығысқан. Екі жүргізуші де мерт болды. Екінші мотоцикл тізгініндегі ер адам 37 жаста. Ал қаза тапқан баланың артында отырған әкесі жеңіл жарақат алған.

Белгілі болғандай, ешқайсысында шлем болмапты. Апаттан кейін полиция "қадағалауды күшейтеміз" деп отыр.

Бұған дейін полиция Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында апатты жағдай туындатқан бір топ жүргізушіні ұстағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты