Синоптиктер Қарағанды, Жезқазған, Теміртау тұрғындарына ескерту жасады

Фото: unsplash
Синоптиктер 2026 жылғы 19 сәуірде Қазақстанның үш қаласының тұрғындарына ауа сапасының нашарлайтыны туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 19 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде зиянды (ластаушы) заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластаушы көздердің маңында жүруді шектегені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2026 жылдың наурыз айында Қазақстанның 68 елді мекенінде атмосфералық ауа сапасына жүргізілген мониторингтің қорытындысын жариялағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Аттестат пен дипломдарды толтырудың жаңа тәртібі қабылданды

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды