Қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші 35 пайызға артты

Фото: Zakon.kz
Елімізде қатерлі ісікті ерте анықтау көрсеткіші 35 пайызға артты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, мұндай нәтижеге скринингтік бағдарламаларды жаңарту септігін тигізген. Ақмарал Әлназарова биыл медициналық тексеруден өту жасы 70-тен 76 жасқа өзгергенін еске салды, деп жазады qazaqstan.tv.

Онкологиялық скринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азамат үшін қолжетімді дейді.

Сонымен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде инсультті ерте анықтаудың жаңа скринингі енгізілді.

Нәтижесінде 320 мың адам диспансерлік бақылауға алынған. Бұл басқа жылдармен салыстырғанда 10%-ға көп.

Бұдан бөлек жыл басынан бері міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне 800 мыңнан астам адам қосылып, оның 200 мыңға жуығы медициналық көмек алған.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды