Еңбек министрлігі қазақстандықтардың шетелге жұмысқа кетуі туралы пікір білдірді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 21 сәуірде Үкіметтегі баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қазақстандықтардың не себепті шетелге жұмыс істеуге кететінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, еңбек көші-қоны – тек Қазақстанға ғана емес, әлемнің көптеген елдеріне тән табиғи құбылыс.

"Жастар шетелге барып, тіл үйреніп, жұмыс істеп, тәжірибе жинақтап, кейін елге оралғысы келеді. Басқа елдермен салыстырғанда бізде мұндай адамдардың саны көп емес. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шамамен 150 мың адам шетелге жұмысқа барып, сол жақта еңбек етеді, бірақ кейін тәжірибе жинап, Қазақстанға оралады. Біз оларды тоқтата алмаймыз – бұл олардың құқығы. Егер барғысы келсе, бара алады. Виза мәселесі болмаса, олар кез келген елде жұмыс істей алады", – деді министр.

Оның сөзінше, министрліктің негізгі міндеті – шетелде жүрген қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау.

Бұған дейін Қазақстан "көлеңкелі" мұнай өнімдері айналымынан жыл сайын 25 млрд теңгеге дейін шығын көретіндігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды