Қазақстан "көлеңкелі" мұнай өнімдері айналымынан жыл сайын 25 млрд теңгеге дейін шығын көреді

АЗС, бензоколонка, бензоколонки, заправка, заправки, бензин, автозаправка, автозаправки, цены на бензин, стоимость бензина, автозаправочная станция, автозаправочные станции, повышение цен на бензин, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2026 18:22 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 21 сәуірде ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан мұнай және мұнай өнімдерін есепке алу құралдарын орнатудың маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қолданыстағы талаптарға сәйкес әрбір жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ мұнай өнімдерінің көтерме нарығында жұмыс істейтін сақтау базаларының иелері мен сатушылары деректерді нақты уақыт режимінде жеткізетін бақылау-есепке алу құралдарымен міндетті түрде жабдықталуы тиіс.

"Бұл есепке алу құралдары біз үшін өте маңызды. Өйткені олар мұнай және мұнай өнімдері сияқты аса маңызды нарықта толық ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда кейбір мұнай базалары әлі күнге дейін мұндай бақылау құралдарымен жабдықталмаған. Соның салдарынан мұнай өнімдерінің "көлеңкелі" айналымы қалыптасып отыр. Біздің сараптамалық бағалауымыз бойынша, осының кесірінен мемлекеттік бюджет жыл сайын шамамен 25 млрд теңге көлемінде кірістен қағылады. Бұл есептеулерді біз өткен жылы сарапшылармен бірге жасадық", – деді ол.

Бұған дейін Астана әкімі LRT-ның қашан іске қосылатындығын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: