Алматыда қоғамдық орындағы түсірілім дау туғызды: полиция мәлімдеме жасады

Сурет: pixabay
Алматы қаласының Полиция департаменті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында беттері тұмшаланған бірнеше әйелмен бірге қоғамдық орында жүрген ер адамның бейнесі бар бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижесінде аталған роликтің коммерциялық түсірілім аясында дайындалған қойылымдық сипатта екені белгілі болды.

Сонымен қатар, жекелеген қатысушылардың әрекеттерінен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталды.

"Жинақталған материалдар қаралып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ескерту түріндегі жаза қолданылды. Сонымен қатар, олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, полиция қоғамдық орындарда болу мақсатына қарамастан, заң талаптарын сақтау әр азамат үшін міндетті екенін еске салады.

Бұған дейін Астанада зейнеткерге қатысты телефон алаяқтығының жолы кесілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады