Құпия бөлме, 4 млрд шығын, шетелге қашу: полиция ауқымды операцияны аяқтады

Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 23 сәуірде ТМД елдерінің аумағында 15 және 16 сәуірде жүргізілген "Іздеу" жедел-профилактикалық іс-шарасының кейбір мән-жайын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі күннің қорытындысы бойынша 314 қылмыскер ұсталды. Олардың ішінде: 5-еуі – адам өлтіргені үшін, жетеуі денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін және тағы 5 адам қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, жетеуі тонау фактілері бойынша және 15-і есірткі қылмыстары үшін іздеуде болған.

Ел аумағынан тыс жерде 39 адам ұсталды, сондай-ақ өзге мемлекеттердің сұрауы бойынша іздеуде жүрген 189 адамның орналасқан жері анықталды.

Қазақстан тарапының сұрауы бойынша Белград қаласында өткен жылдың желтоқсан айынан бері жасырынып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды. Ол Түркістан облысында әуе компаниясында менеджер болып жұмыс істей отырып, шамамен 176 миллион теңгені заңсыз иемденіп, жеке мақсатына жұмсаған.


"Бішкекте Астана қаласы полиция департаментінің іздестіру тобы 2024 жылдың қазан айынан бері қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасағаны үшін жасырынып жүрген Қазақстан азаматын ұстады. Грузиялық әріптестермен өзара іс-қимыл аясында Рустави қаласында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды. Ол адамдар тобымен бірге автонесие рәсімдеу сылтауымен 2022-2024 жылдары Алматы қаласында 232 азаматқа 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Күдікті өткен жылдың шілде айынан бері іздеуде болған",- делінген ақпаратта.

Қарағанды облысында бес жылдан астам уақыт бойы қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып жүрген қылмыскер ұсталды.

"Ол екі деңгейлі жеке тұрғын үйдің шатырында жасырынған. Сол жерде санитарлық тораптағы шкафтың артына жасырылған құпия бөлме жабдықтаған. 2018 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында күш қолдану арқылы кәсіпкерден ақша мен мүлікті бопсалап, 117 миллион теңге көлемінде шығын келтірген",- деп мәлімдеді полиция.

Жамбыл облысында Бішкек қаласында адам өлтіргені үшін 2024 жылдың соңынан бері іздеуде жүрген Қырғызстан азаматы ұсталды.

Сонымен қатар іс-шара барысында 51 хабар-ошарсыз кеткен адам табылды, олардың 8-і – кәмелетке толмағандар.

Бұған дейін Алматыда қоғамдық орындағы түсірілім дау туғызғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі