Рейдтік іс-шаралар барысында Тараз қаласындағы "Лорд" дәмханасында түнгі уақытта жасөспірімдердің болғаны анықталды. Аталған ойын-сауық орны қаңтар айынан бері осындай құқық бұзушылықты үш рет қайталаған.
Заң талаптарын сақтамағаны үшін кәмелетке толмағандардың ата-аналары да, оларды түнгі уақытта мекемеге кіргізген кәсіпкер де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтардың жүйелі түрде қайталануына байланысты "Лорд" дәмханасының қызметі бір ай мерзімге уақытша тоқтатылды.
Жыл басынан бері түнгі уақытта тұрғын үйлерден тыс және ойын-сауық орындарында жүрген кәмелетке толмағандардың 3148 дерегі анықталып, жолы кесілген. Сондай-ақ оларды түнгі уақытта бақылаусыз қалдырғаны үшін 115 нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар жасөспірімдерден 22 тыйым салынған зат (пышақ, кастет, электрошокер) тәркіленіп, ықтимал қауіптердің алдын алу шаралары қабылданды.
Айта кетейік, бұған дейін де осындай заң бұзушылықтарға жол берген "Сан Ремо" дәмханасының қызметі бір айға тоқтатылған болатын.