Алматыда "таза ауа" аймағы бойынша пилоттық жоба басталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 28 сәуірден бастап төмен эмиссиялы аймақтың (LEZ) техникалық пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері хабарлады.

Пилоттық режим Бөгенбай батыр көшесінен оңтүстікке қарай, Абай даңғылынан солтүстікке қарай, Желтоқсан көшесінен шығысқа және Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан аумақта жүзеге асырылуда. Жобаның операторы — "Алматы Паркинг" МКК.

Қазіргі кезеңде жүйе сынақ режимінде жұмыс істейді. Жүргізушілер үшін қозғалысқа шектеу, айыппұл немесе кіру ақысы қарастырылмаған.

Негізгі мақсат — цифрлық инфрақұрылымды сынақтан өткізу және көлік ағыны мен олардың ауа сапасына әсері туралы деректер жинау.

Сынақ режимі аясында мынадай жұмыстар жоспарланған:

Пилоттық кезеңде негізгі назар технологияларды шектеу шараларын енгізбестен сынақтан өткізуге бағытталған. Басқарма мамандары атап өткендей, бұл автокөлік иелерін шектеуге қатысты емес, ең алдымен технологияның тиімділігін тексеруге бағытталған.

"Біз датчиктердің деректерді қаншалықты дәл жинайтынын, жүйелердің қаншалықты жылдам ақпарат алмасатынын және инфрақұрылымның дайындық деңгейін бағалаймыз. Болашақта нақты деректерге сүйене отырып, қаланың ауасын жақсартуға мүмкіндік беретін сенімді цифрлық негіз қалыптастырамыз", — деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Сынақ кезеңі 2026 жылы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Көрсетілген аумақта қозғалыс қалыпты режимде жүзеге асырылады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады