Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қаланың барлық ауданында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Рухани бірлікті, мәдениет пен дәстүрдің сан алуандығын дәріптейтін бұл күн мыңдаған тұрғын мен қала қонақтарының басын қосты.

Абай алаңында өткен басты мерекелік іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Іс-шара бағдарламасы әсерлі бейнешоу мен барабаншылардың қойылымымен ашылып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаеваның орындауындағы "Қазақ елі осындай" әнімен жалғасты.

Жалпы мереке аясында 40-тан астам мәдени-көпшілік іс-шара өтті. Сахнада отандық өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар, сондай-ақ шетелдік қонақтар, оның ішінде Қырғызстанның "Komuz beats" тобы өнер көрсетті.

Алаңда этномәдени бірлестіктердің көрме шатырлары тігіліп, қалада тұратын түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері таныстырылды.

Қала әкімі көрмелерді аралап, этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталды.

Алматы — түрлі этнос өкілдері өзара сыйластық пен келісімде өмір сүретін қала. Бұл тұрақты дамудың берік негізі.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламалар мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуімен жалғасын тапты.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады