Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарды қарсы алу ерекше форматта ұйымдастырылды.

Қалаға табан тіреген сәттен-ақ туристерге ұлттық нақыштағы естелік сыйлықтар ұсынылып, қазақы қонақжайлылықтың айрықша үлгісі көрсетілді.

Бұл игі бастама Алматы қаласының Туризм басқармасы, халықаралық әуежай, Шекара қызметі мен кеден органдарының бірлесуімен жүзеге асты. "Халықаралық қонақтарға арналған қарсы алу сыйлығы" атты жоба әрбір мейманға деген шынайы құрмет пен ілтипаттың белгісіне айналды.

Осы күні Алматымен танысу дәстүрлі туристік бағыттардан бұрын әсерден бастау алды. Жылы жүзбен қарсы алу, ақ пейіл мен мерекелік көңіл күй Бірлік күнінің негізгі мазмұнын — татулық, бейбітшілік және мәдени әртүрлілікті айқын сездірді.

Соңғы жылдары Алматыға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалаға 754 мың шетелдік турист келсе, биыл бұл көрсеткіш 800 мыңнан аспақ. Бұл Алматының өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар қала туралы алғашқы оң әсер қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып отыр. Алматы өзін ашық, заманауи әрі қонақжай шаһар ретінде танытып келеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған