ОСК Құрылтай сайлауына кететін шығын туралы пікір білдірді

Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Шавкат Утемисов 2026 жылғы 8 мамырда Үкімет кулуарында Құрылтай депутаттарын сайлауға кететін шығын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Шавкат Утемисовтың айтуынша, әзірге нақты қанша қаржы жұмсалатынын айту ерте.

Ол алдымен Құрылтай сайлауының нақты күні белгіленуі керектігін айтты. Себебі сайлауға дайындық уақыты мен оның қанша күн өтетіні осыған байланысты болады.

"Сайлау комиссиясының мүшелері қанша күн жұмыс істейтіні де соған тәуелді. Соған сәйкес олардың еңбекақысы есептеледі. Сайлау өткізуге бөлінетін қаржының басым бөлігі комиссия мүшелерінің жалақысына жұмсалады. Ел бойынша бізде 70 мыңнан астам адам сайлау комиссияларында жұмыс істейді", – деді ол.

Журналистер одан бұл шығын референдумнан қымбатқа түсе ме деп сұрады.

ОСК мүшесінің сөзінше, Құрылтай сайлауының шығыны референдумнан да көп болуы мүмкін.


"Қазір нақты сандарды айта алмаймыз. Барлығы сайлау күні қашан белгіленетініне байланысты. Соған қарай есеп жүргізіледі. Бұған қоса, қызметтер мен тауарларды сатып алу мәселесі бар. Бағалар да сол уақытқа дейін өзгеруі мүмкін. Сондықтан барлық есеп толық дайын болған кезде нақты соманы жариялаймыз", – деді Шавкат Утемисов.

Еске салайық, 2026 жылғы 23 ақпанда республикалық референдум өткізуге шамамен 20,7 млрд теңге қажет болатыны айтылған еді. Бұл туралы референдум жөніндегі орталық комиссия мүшесі Михаил Бортник хабарлаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі