Алматы облысында мектеп оқушысы мұғалімді соққыға жықты

Фото: pexels
Алматы облысы, Шамалған ауылындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысы мұғалімге қол көтерді. Оқиғаның мән-жайын 2026 жылғы 12 мамырда Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада мектеп дәлізінде мұғалім мен оқушының сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Бір сәтте жасөспірім ұстазға шабуыл жасап, соққыға жыға бастаған.

Оқиғаға байланысты құзырлы органдар пікір білдірді.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірімнің ер адамға дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 16 қаңтар күні таңғы сағат 09:00 шамасында Шамалған ауылындағы орта мектептердің бірінде кәмелетке толмаған жасөспірім мен ер адам арасында жанжал туындап, соның салдарынан соңғысы дене жарақатын алған.

Қазіргі уақытта жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ жасөспірімдердің жалған ақпарат тарату деректерінің көбейгенін айтып, олардың жарылыс, өрт қою және өзге де қауіптер туралы негізсіз хабарламаларды жиі тарататынын мәлімдеген болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін