Әлемдегі ең жылдам мобильді интернет қай елде және Қазақстан нешінші орында

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан ТМД елдері арасындағы мобильді интернеті ең жылдам мемлекеттердің қатарына кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі жоғары технологиялар мен цифрландыру дәуірінде интернетсіз өмірді елестету қиын. Бүгінде жұмыс, бизнес, банк қызметтері, ақша аударымдары, тіпті балаларды бақылау да түрлі онлайн сервистер арқылы жүзеге асады. Сондықтан тек үйдегі интернет емес, мобильді интернеттің де жылдам болуы өте маңызды.

Интернет жылдамдығын тексеру және талдаумен айналысатын халықаралық Ookla компаниясының мәліметінше, Қазақстан 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша мобильді интернет жылдамдығы жөнінен әлемде 51-орынға шыққан. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан ТМД-ның көптеген елдерін ғана емес, Италия, Испания, Гонконг, Ұлыбритания, Германия және Жапонияны да басып озды.

Әлемдегі ең жылдам мобильді интернет қай елде

Мобильді интернет сапасы бойынша әлемде бірінші орында – Біріккен Араб Әмірліктері. Бұл елде интернет жылдамдығы 644,66 Мбит/секундқа дейін жетеді. Мұндай нәтижеге БАӘ: 5G желісін белсенді енгізу, байланыс аймағын кеңейту, жаңа инфрақұрылым салу, ескі желілерді жаңарту, жоғары сапалы жиілік диапазондарын пайдалану арқылы қол жеткізген. Яғни, олар тек жаңа желі іске қосып қана қоймай, пайдаланушылар саны көбейсе де желіге артық салмақ түспейтін жүйе қалыптастырған.

Екінші орында – Қатар. Бұл елде мобильді интернет жылдамдығы 576,06 Мбит/секунд. Үшінші орында – Кувейт. Мұнда интернет жылдамдығы 372,76 Мбит/секунд деңгейінде.

Әлемдегі ең жылдам мобильді интернеті бар алғашқы ондыққа мына елдер кіреді: Біріккен Араб Әмірліктері – 644,66 Мбит/сек, Қатар – 576,06 Мбит/сек, Кувейт – 372,76 Мбит/сек, Бахрейн – 274,94 Мбит/сек, Бразилия – 265,79 Мбит/сек, Оңтүстік Корея – 265,20 Мбит/сек, Бруней – 253,69 Мбит/сек, Сауд Арабиясы – 226,53 Мбит/сек, Болгария – 221,03 Мбит/сек, АҚШ – 213,29 Мбит/сек.

Қазақстан мен ТМД елдеріндегі мобильді интернет

Қазақстан әлем бойынша 51-орында тұр. Елдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы – 93,68 Мбит/секунд.

Бұл көрсеткішпен Қазақстан: Италияны (92,81 Мбит/сек), Испанияны (92,32 Мбит/сек), Гонконгты (89,43 Мбит/сек), Ұлыбританияны (75,91 Мбит/сек), Германияны (74,58 Мбит/сек), Жапонияны (70,28 Мбит/сек) артта қалдырды.

ТМД кеңістігінде Қазақстан тек Әзербайжаннан ғана қалып отыр. Әзербайжан әлемде 50-орында, интернет жылдамдығы – 95,43 Мбит/сек. Ал басқа ТМД елдеріндегі көрсеткіштер төменірек: Армения – 77,50 Мбит/сек (әлемде 60-орын), Өзбекстан – 55,19 Мбит/сек (78-орын), Қырғызстан – 52,64 Мбит/сек (80-орын), Беларусь – 29,89 Мбит/сек (96-орын).

Ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында Ресей мен Тәжікстан бойынша мобильді интернет жылдамдығы өлшенбеген.

Мобильді интернеті ең баяу елдер

Сарапшылардың бағалауынша, әлемдегі ең баяу мобильді интернет Эритреяда тіркелген. Бұл елде интернет жылдамдығы небәрі 4,75 Мбит/секунд.

Ең төмен көрсеткішке ие елдердің қатарына мыналар да кіреді: Боливия – 15,24 Мбит/сек, Ауғанстан – 15,91 Мбит/сек, Ливия – 22,89 Мбит/сек, Парагвай – 26,22 Мбит/сек, Пәкістан – 26,46 Мбит/сек, Сирия – 28,27 Мбит/сек.

Әзірбайжан
Қазақстан
БАЭ
АҚШ
Салыстырмалы Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі