Куәгерлердің айтуынша, екі әйел арнайы адам шақырған. Кейін ол тұрғын үйлердің жанында жүрген итті атып тастаған. Оқиға кезінде балалар да болған.
Видео түсіру барысында ауыл тұрғындары арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бұл ит ауыл адамдарына таныс болған. Көпшілік оны тамақтандырып, қарап жүрген.
Оқиғаға байланысты Zakon.kz тілшісі Алматы облыстық Полиция департаментінен пікір сұрады.
Полиция мәліметінше, жануарға қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алынып, оқиғаның қалай болғаны толық тексеріліп жатыр.
Полиция өкілдерінің айтуынша, тергеу нәтижесіне қарай заңға сәйкес шешім қабылданады.