Қазақстандық полицей зейнетке шыққан қызметтік итті өз панасына алды

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Абай облысы Полиция департаментінің кинологы, полиция старшинасы Олжас Тұрсынханов тоғыз жыл бойы сенімді серігіне айналған Джон есімді қызметтік итті зейнетке шығысымен, өз үйіне алып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 жыл 7 айлық қызметі барысында Джон түрлі сипаттағы 160 қылмыстың ашылуына қатысып, із-түзсіз жоғалған 51 адамды табуға көмектесті. Бұл туралы өңірдегі ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Кинологиялық қызмет мамандары үшін Джон әлдеқашан жай ғана қызметтік ит емес еді. Ол ізді мүлтіксіз табатын, қауіпті сезетін және тапсырманы соңына дейін орындайтын команданың толыққанды мүшесіне айналды",- делінген ақпаратта.

Дәл осы себептен 18 мамырда өткен зейнетке шығарып салу рәсімі өте әсерлі өтті.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Қызметі ресми түрде аяқталғаннан кейін Джонның кинологы серігінен айырылмай, оны үйіне алып кетуге шешім қабылдаған.

Полицейдің айтуынша, тоғыз жылға жуық бірге қызмет атқарған досын тастап кетуге оның жүрегі дауаламаған.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Қоштасу кезінде қызметтік ит жетекшісінен бір елі ажырамай, оған еркелеп жақындап, құйрығын қуана бұлғаңдатып тұрды.

"Ол қызмет аяқталғанымен, өміріндегі ең маңызды адамның жанында қалатынын сезгендей еді",- деп атап өтті полицейлер.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда ит етін өндіру бизнесі тоқтатылатындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді