Маңғыстауда 25 мамыр қарсаңында түлектерге тәртіп пен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді

Фото: pexels
Ақтау қаласында "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында "Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі" тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға оқушылар, ата-аналар, педагогтер және құзырлы орган өкілдері қатысты. Семинар барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар интернет қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп және зиянды әдеттердің денсаулыққа кері әсері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мамандар оқу жылының аяқталуына байланысты жоғары сынып оқушыларының қауіпсіздігіне ерекше назар аударды. Биыл өңірде 9-сыныпты 16 мыңға жуық оқушы, ал 11-сыныпты 10 мыңнан астам түлек аяқтайды.

Осыған байланысты 25 мамыр — соңғы қоңырау кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қатаң ұстану, заңбұзушылықтарға жол бермеу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

Іс-шара барысында қатысушылар мамандарға сұрақтарын қойып, құқықтық және профилактикалық бағыттағы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жауапкершілікті арттыруға және қауіпсіз қоғам құруға бағытталған.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді