Қарағанды облысында жасөспірім гараждағы өрт кезінде тірідей жанып кеткен

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында гаражда шыққан от салдарынан 17-дегі жасөспірім тірідей өртеніп кетті. Тағы екі бала зардап шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана ТВ" телеарнасының жазуынша, алдын ала болжам бойынша оқушылар мотоциклді жанармаймен толтыру үшін металл ыдыстағы бензинді пластик құтыға құйған. Сол сәтте бензин буы тұтанып, жалын шарпыған.

Жасөспірім құтқарушылар келгенше көз жұмған. Оның мәйіті өрт сөндіру кезінде табылды. Күйік шалған екі бала қазір ауруханада, жағдайлары орташа ауыр.

"Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру кезінде гараждың ішінде 2008 жылы туылған жасөспірімнің күйген мәйіті табылды. Және де 2008,2009 жылдары туылған жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді. Бұл факт бойынша ТЖД қылмыстық іс қозғады",- деді облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Елдос Зияда.

Бұған дейін Бестөбе шахтасының опырылып, заңсыз алтын іздеген екі кенші қаза тапқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз