Жекеменшік лагерьлер санитарлық қорытындысыз жұмыс істеген – Денсаулық сақтау министрі

Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылғы 26 мамырда өткен Үкімет отырысында балалардың жазғы демалыс лагерьлеріне жүргізілген тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыратын әрбір мекеме маусым басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Бұл рәсім аясында ауыз су сапасы, бассейндер мен жағажай аймақтарындағы су, сондай-ақ ғимараттардағы микроклимат пен жарықтандыру деңгейі тексеріледі.

Биыл Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша 187 жазғы сауықтыру ұйымын ашу жоспарланған. Алайда лагерьлердің дайындығы әлі де төмен деңгейде қалып отыр.

Қазіргі таңда нысандардың тек 53%-ы (99 лагерь) өтінім тапсырған. Оның ішінде балаларды қабылдауға тек 33%-ы (33 нысан) ғана дайын.

Ең төмен дайындық деңгейі мына өңірлерде тіркелген:

Сонымен қатар министрді рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жатқан жекеменшік лагерьлердің қызметі алаңдатып отыр.

Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз қызмет көрсеткен 14 жекеменшік лагерь анықталған. Аталған деректер бойынша материалдар прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдарға жолданып, тиісті шаралар қабылданған.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Әлназарова Ақмарал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін