Қазақстанда 2 мыңнан астам бала ел ішінде тегін саяхаттай алады

Фото: primeminister.kz
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2026 жылғы 26 мамырда Үкімет отырысында еліміз ішінде отбасылық және балалар туризмін дамытуға бағытталған шаралар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, ішкі туризмді дамыту және отбасылардың демалыс шығындарын азайту мақсатында Kids Go Free бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба аясында балалардың әуе билеттері субсидияланады.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері 7 мыңнан астам бала Қазақстан ішінде тегін әуе сапарымен саяхат жасаған. Биыл шамамен 2 мың бала ел ішінде тегін ұшу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар министр 2026 жылғы жазғы маусымда балалар мен жастарға арналған 20-дан астам ірі іс-шара жоспарланғанын айтты.

Маусым айында Алматı облысында NomadFest, Қарағанды облысында Balkhash Tour Fest, Ұлытау облысында "Көкмайса" фестивальдері өтеді. Шілдеде Астанада "Асыл Мұра" мәдени-отбасылық іс-шарасы, Жетісу облысында "Алакөл толқыны" жастар жобасы, ал Атырау облысында "Лотос" экологиялық фестивалі ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, жазғы демалыс маусымын ұйымдастыру бойынша бұған дейін де тиісті министрлік тарапынан мәлімет берілген.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін