Алматыдағы Дәулеткерей көшесінің бір бөлігінде осы сенбіде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Фото: Zakon.kz
Наурызбай ауданында 30 мамыр күні сағат 06:00-ден 1 маусым сағат 06:00-ге дейін Дәулеткерей көшесінің Жандосов көшесінен Әбділдин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Бұл асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты.

Жұмыстар "Алматы қаласындағы батыс кәріз коллекторын салу" жобасы аясында қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілуде.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Жобаның қала үшін стратегиялық маңызы зор. Ол жалпы ұзындығы 35 шақырым болатын кәріз коллекторын — Жандосов көшесінен қалалық тазарту нысандарына дейін салуды көздейді.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде шамамен 200 мың тұрғын орталықтандырылған су бұру жүйесімен қамтылады, инженерлік желілердің сенімділігі артады, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарады және қаланың аудандарын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты