+46°С-қа дейінгі аптап ыстыққа дайын болыңыз: Қазастанда маусым айында қандай ауа райы күтіледі

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы маусым айына консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің айтуынша, бұл уақытта айлық орташа ауа температура еліміздің басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маусымның бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі.

"Республика бойынша өткінші жаңбырлар, найзағай, бұршақ және екпінді жел, ал елдің солтүстік-батыс жартысында кей уақытта қатты жаңбыр болжанады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жекелеген күндері шаңды дауылдар болжанады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Метеорологтардың айтуынша, ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі:

Маусымның екінші және үшінші онкүндіктерінде ыстық ауа райы кезең-кезеңімен найзағай, желдің күшеюі байқалатын салқын әрі жаңбырлы күндерге алмасып отырады, ал жекелеген аудандарда бұршақ пен шаңды дауылдардың болуы ықтимал.

Температуралық фон да тұрақсыз болады:

Бұған дейін Қазақстанда 2-4 маусым аралығында ауа райы күрт құбылатындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз