2-4 маусым аралығында ауа райы күрт құбылады: Қазақстанда екпінді жел, бұршақ пен жауын күтіледі

Дождь, дожди, осадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 12:26 Фото: pixabay
Қазақстанда 2026 жылғы 2-4 маусым аралығында ауа райының күрт өзгеруі күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 1 маусымда "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай күтіледі".

Мамандардың айтуынша, бұршақ түсіп, екпінді жел мен нөсер жауын келесі аймақтарда күтіледі:

  • 2 маусымда Павлодар облысында,
  • 3 маусымда Атырау және Маңғыстау облыстарында,
  • 3-4 маусымда Ақтөбе облысында,
  • 4 маусымда Қостанай облысында.
"Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал".

Метерологтардың мәліметінше, күндізгі ауа температурасы батыста +23…+28°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста ауа температурасы +13…+26°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде +25…+32°С-қа дейін, республиканың орталығы мен шығысында +27…+36°С-қа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы сәл төмендеп, +25…+35°С шамасында болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: