Қазақстанда ауа райы құбылады: нөсер жаңбыр мен +32°С ыстық күтіледі

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 16:08 Фото: pixabay
Қазақстанда 23–25 сәуір аралығында ауа райы күрт құбылып, нөсер жаңбыр мен аптап ыстық алмасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, Мәскеу маңынан келген циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар ел аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Синоптиктер найзағайлы жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсер, бұршақ пен дауыл күтілетінін ескертті. Сондай-ақ жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Алдағы күндері батыс және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді:

  •  батыста +7…+18°С,
  •  солтүстік-батыста +10…+20°С.

Ал елдің қалған бөлігінде керісінше, жылыну байқалады:

  •  солтүстікте +18…+27°С,
  •  орталықта +22…+30°С,
  •  шығыста +20…+28°С, таулы аймақтарда +10…+15°С,
  •  оңтүстікте +27…+32°С, таулы өңірлерде +22°С шамасында,
  •  оңтүстік-шығыста +20…+30°С, тауда +10…+15°С.

Бұған дейін синоптиктер 22 сәуірге 10 өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: