Нөсер жаңбыр, бұршақ және 41 градус ыстық: 13 тамызда ауа райы қандай болады

Нөсер жаңбыр, бұршақ және 41 градус ыстық: 13 тамызда ауа райы қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 18:30 Сурет: pixabay
Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 2025 жылғы 13 тамызда, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, сондай-ақ аптап ыстық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гидрометорталықтың мәліметінше, республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы антициклон жотасының ықпалында болады.

"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен батыста, солтүстікте, шығыста және еліміздің орталығында найзағайлы жаңбыр жауады, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ аралас қатты жаңбыр, екпінді жел күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте – тұман, күндіз оңтүстікте – шаңды дауыл болады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Болжамға сәйкес, күндіз:

Қатты ыстық

  • Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында – +35…+38°C дейін.

Өте қатты ыстық

  • Батыста, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде – +40…+41°C дейін.

Сондай-ақ синоптиктер бірқатар өңірлерде өрт қаупі болатынын хабарлады:

Жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстанда, Атырау облысының солтүстігі мен батысында, Ақтөбе облысының батысы мен шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының орталығында, Жетісу облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде.

Аса жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау, Абай облыстарында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: