Алматының кей бөлігінде жарық уақытша өшіріледі: ажырату кестесі жарияланды

Лампочка, лампочки, свет, отключение света, электричество, электроэнергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 12:41 Фото: unsplash
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. Жұмыстар 2026 жылғы 1–5 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания жариялаған кестеге сәйкес, жөндеу жұмыстары мегаполистегі барлық аудандық электр желілерін (АЭЖ) қамтиды.

Белгілі болғандай, электр қуатын уақытша өшіру көбіне таңғы сағат 08:00–09:00 аралығында басталып, кешкі 17:00-ге дейін жалғасады.

Мамандардың айтуынша, жоспарлы жұмыстар аясында электр сымдарын бөгде заттардан тазарту, олардың бір бөлігін ауыстыру және басқа да техникалық шаралар атқарылады. Әдетте жөндеу бригадалары бұл жұмыстарды 1,5–2 сағат көлемінде аяқтайды.

Жарияланған кестеге сәйкес, жөндеу жұмыстары мына аудандар мен шағынаудандарда жүргізіледі: Шаңырақ-1, Ұлжан, Ақжар, Алғабас, Горный Гигант, Нұр Алатау, Ерменсай, Нұрлытау, Хан-Тәңірі, Көктөбе, Достық, Шабыт, Таугүл және қаланың басқа да бірқатар аумақтары.

Жарықтың уақытша өшуі жеке сектор тұрғындарына, көпқабатты тұрғын үйлерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес нысандарына әсер етеді. Электр қуаты өшірілетін нақты мекенжайлар мен толық тізім арнайы жарияланған кестеде көрсетілген.

Бұған дейін Астанада Мұхамеджан Тынышбаев атындағы көше ішінара уақытша жабылатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: