Алматы үш күн бойы жарықсыз қалады: қала тұрғындарына маңызды ескерту жасалды

Лампочка, лампочки, свет, отключение света, электричество, электроэнергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2025 09:24 Фото: unsplash
"Алатау Жарық Компаниясы" 2025 жылғы 18–21 қараша аралығында Алматыда жоспарлы электр энергиясын өшіру жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания жариялаған кестеде көрсетілгендей, жұмыстар мегаполистің барлық аудандық электр желілерінде жүргізіледі.

Жарықтың өшуі орта есеппен сағат 08:00 немесе 09:00-ден бастап 17:00-ге дейін созылады. Бұл – ақауларды жою, мердігерлік техникалық жұмыстар және трансформаторлық қосалқы станциялар мен әуе желілеріне қызмет көрсету қажеттілігімен байланысты.

Кестеге сәйкес, аталған күндері жөндеу жұмыстары Шаңырақ, Айгерім, Таусамалы, Ақжар, Қарағайлы, Нұрлытау, Ерменсай, Самал, Көктөбе және қаладағы басқа да бірқатар аумақтарда жүргізіледі. Электрдің уақытша өшірілуі жеке секторды да, көпқабатты тұрғын үйлерді де, шағын және орта бизнес нысандарын да қамтиды. Мекенжайдың толық тізімін сілтемеге өту арқылы көруге болады.

Бұған дейін 17 қарашада Алматыда болған төтенше жағдай жарықтың жаппай сөнуіне әкелгенін жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: