Электр энергиясының шекті тарифтері 7 жыл бойы өспейді

Лампочка, лампочки, свет, отключение света, электричество, электроэнергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 14:03 Фото: unsplash
Энергетика министрінің "Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту туралы" бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, 2026–2032 жылдарға арналған электр энергиясының шекті тарифтері 2025 жылғы шекті тарифтер деңгейінде бекітіледі.

Министрліктің мәліметінше, шекті тарифтердің 2026–2032 жылдарға өзгеріссіз бекітілуі бірыңғай сатып алушының бағасына әсер етпейді, себебі тарифтер 2025 жылғы деңгейде қалмақ.

Айта кетейік, осы жылдың 8 қазанында мемлекет басшысының төрағалығымен макроэкономикалық теңгерімсіздік пен инфляциялық тәуекелдер мәселелері бойынша кеңес өткен.

Оның қорытындысы бойынша макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілген.

Осыған байланысты электр энергиясына арналған шекті тарифтердің өсуін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Бекітілетін тарифтердің күшіне ену мерзімі – 2026 жылғы 1 қаңтар.

Шекті тарифтердің қолданылу кезеңі – 2026–2032 жылдар.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 17 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін жарияланған.

Бұған дейін су мен жылу тарифтерін есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: