Президент Қапшағайдың дамуына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы қаланың бас жоспарында "Golden District" ауданы болашақта халықаралық білім және ғылым орталығы болады деп көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қаланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету де – бірінші қатардағы мәселе.

Оның айтуынша, қалада озық білім беретін орта қалыптастыру үшін жүйелі жұмыс жүргізу қажет.

"Green District" ауданы тартымды туристік кластер болуға тиіс, миллиондаған туристі қабылдауға дайын болуы керек",- деді ол.

Осы орайда, Қапшағай су қоймасындағы демалыс аймағының маңызы айрықша болады.

"Бірақ мұнда жұрт жаз айларында ғана емес, жыл бойы демалатындай, яғни, шаңғы, сноуборд, коньки, балық аулау және басқасына жағдай жасау қажет. Әйтпесе, жоспардың бәрі қағаз жүзінде қалып қоятыны айдан анық". Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент су қоймасының жағалауындағы бей-берекет құрылысты доғару керек екенін айтты.

"Барлық жұмыс рет-ретімен, бас жоспарға сай жүргізілуге тиіс. Қонақ үйлер мен мейрамханалардан бастап, демалыс саябақтарына дейін барлық нысандардың сырт келбетіне баса назар аударған жөн. Олардың сәулеті, яғни, архитектуралық стилі көрікті және бірыңғай болуға тиіс. Түптеп келгенде, қала инфрақұрылымы туризмнің қарқынды, сапалы дамуына жол ашуы керек. Осылайша, түскен қаражатты осы аймақтың игілігіне жұмсауға болады".Мемлекет басшысы

Бұған дейін Тоқаев нақты нәтиже жоқ саланы атаған болатын.

Қазақстан
Қонаев
Алматы облысы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін

Алматыда мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі өзгерді

Қазақстанда 2025 жылы рақымшылық бойынша қанша адам бостандыққа шықты

7 маусым - Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні: мереке тарихы және ел үшін маңызы

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 2 маусымда қай өңірлерде ескерту жасалды