Неліктен адамдардың Астана мен Алматыға жаппай қоныс аударып жатқанын президент түсіндіріп берді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазір еліміздің әлеуметтік саласында ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Бұл туралы ️Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 2 маусымда Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда 746 мың оқушыға арналған 600-ге жуық мектеп салынды. Оның үштен бірі – "Келешек мектептері". Сондай-ақ 813 денсаулық сақтау нысаны және 307 спорт нысаны ашылды.

Президент өзінің тапсырмасымен Семей, Тараз, Кентау, Орал, Атырау қалаларында заманауи оңалту орталықтары жұмыс істей бастағанын атап өтті. Қазіргі уақытта осындай орталықтар Ақтөбе, Көкшетау, Талдықорған, Шымкент шаһарларында салынып жатыр.

"Әлеуметтік нысандар, соның ішінде балаларға арналған оңалту орталықтары барлық аймақта қолжетімді болуға тиіс. Осындай нысандар еліміздің аймақтарында әлі жеткілікті емес. Соның салдарынан жұрт Астана мен Алматыға көптеп қоныс аударуда. Бұл – иммиграцияның теріс сипаттағы үдерісі. Барлық әкімдер осы шаруамен тиянақты айналысуы керек. Президент Әкімшілігі бұл жұмысты қадағалайды".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Тоқаев Алатауды дамытуға қатысты ұстанымын айтқан болатын.

Қазақстан
Алматы облысы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін

Алматыда мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі өзгерді

Қазақстанда 2025 жылы рақымшылық бойынша қанша адам бостандыққа шықты

7 маусым - Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні: мереке тарихы және ел үшін маңызы

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 2 маусымда қай өңірлерде ескерту жасалды