"Басқа жол жоқ": Тоқаев Алатауды дамытуға қатысты ұстанымын айтты

"Басқа жол жоқ": Тоқаев Алатауды дамытуға қатысты ұстанымын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 14:43 Сурет: akorda.kz
Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы Үкіметке бастапқы кезеңде қаланың негізгі инфрақұрылымын дамыту мақсатында тұрақты түрде қаржы бөліп отыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының пікірінше, жалпы, мұндай инвестициялық тәсіл – әбден орынды және ойға қонымды.

"Мемлекет инфрақұрылымға инвестиция салса, жеке капитал да келе бастайды. Соның арқасында салық түсімі артады, жаңа инфрақұрылым пайда болады. Осылайша, қолға алынған жұмыстың ауқымы кеңейе береді. Ал негізгі инфрақұрылымға бастапқы инвестиция салу міндеті тек жеке секторға ғана жүктелсе, жобалардың инвестициялық тартымдылығы әлсірейді. Мұндай жағдай тарифі жоғары монополия құрылымдарының пайда болуына әкеп соқтырады және ақыр соңында дамуды тежейді". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондықтан ол Үкіметке бастапқы кезеңде қаланың негізгі инфрақұрылымын дамыту мақсатында тұрақты түрде қаржы бөліп отыруды тапсырды.

"Басқа жол жоқ. Қажет болса, орнықты кіріс қоры қалыптасқанша Алатауға қосымша лимиттерді және мемлекеттің кепілдігімен қарыз алу құқығын беруге болады. Дегенмен бюджет қаржысы тек инвестициялық мақсатқа сай жұмсалуға тиіс. Қаланың ұзақмерзімді даму бағдары басты назарда болуы керек". Президент

Бұған дейін Alatau City-дің алғашқы толық цифрлық қала болатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: