Перизат Қайрат пен Қуандық Бишімбаев рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 3 маусымда Мәжілісте өткен брифингте Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Перизат Қайрат пен Қуандық Бишімбаевқа рақымшылықтың қолданылу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оған бұл сұрақты журналистер қойды.

"Сіздер атап өткен тұлғаларға қатысты айтарым – менің жауабым: үзілді-кесілді жоқ", – деді Әділов.

Оның айтуынша, бұған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кедергі келтіреді.

"Өйткені Қылмыстық кодекстің 78-бабы терроризмге, экстремизмге, мемлекеттік опасыздыққа, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар жасаған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында әрекет еткен адамдарға амнистия қолдануға тікелей тыйым салады. Сондықтан бұл тұлғаларға рақымшылық қолдану мәселесі мүлде қарастырылмайды және алдағы уақытта да қаралмайды", – деп түсіндірді вице-министр.

Бұған дейін Қазақстанда жемқорлар, педофилдер мен лаңкестер рақымшылыққа ілікпейтіндігін жазғанбыз.

Қазақстан
Бишімбаев Қуандық

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты