Тоқаев цифрландырудың Қазақстанның болашағына қалай әсер ететіндігін айтып берді

Фото: pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде елдегі цифрландыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент нақтылағандай, "жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиялары дамудың бұрын-соңды болмаған үлгісі мен тәсілдеріне жол ашатын жаңа әрі шексіз кеңістік қалыптастырды".

"Мыңның біріне берілетін дәл осы тарихи мүмкіндікті тек қуатты, күшті, болашаққа бағдар түзеген халықтар пайдалана алады. Бұл міндетті еңсеру біздің өскелең ұрпақтың қолынан келеді. Мен бұған сенімдімін. Қазақстанның орнықты дамуының негізінде ұлы тарихымыз, одан кем түспейтін қазіргі сәт және, ең бастысы, жарқын болашақ арасындағы ажырамас байланыс жатыр".

Бұған дейін Тоқаев мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды екенін айтқан болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты