Жетісу және Алматы облыстарында жер сілкінісіне байланысты жедел желі іске қосылды

Фото: Zakon.kz
Жетісу және Алматы облыстарында тіркелген жер сілкінісіне байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменттері тұрғындарға арналған жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД мәліметінше, мамандар азаматтарға кеңес беріп, сауалдарына жауап беруге дайын. Жедел желі нөмірі:

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел қызметтері жергілікті атқарушы органдарды, полицияны және басқа да бейінді қызметтерді хабардар еткен.

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ гидробекеттерінің бақылаушылары гидротехникалық құрылыстарға тексеру жүргізді – деформациялар мен жарықтар анықталған жоқ, жағдай тұрақты. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", – делінген хабарламада.

Құзырлы органдар тұрғындарды сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге үндеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезгенін хабарлаған едік.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды