Қазақстан өз дамуының шешуші кезеңіне қадам басады - Президент

Фото: akorda.kz
️Мемлекет басшысы 2026 жылғы 5 маусымда өткен халықаралық форумда Әділетті Қазақстанды құру үшін атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Әділетті Қазақстанда бәрі заң мен тәртіпке бағынады, баршаға бірдей мүмкіндік беріледі.

"Сондықтан сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беріп отырмыз. Бірінші шілдеде еліміздің жаңа Конституциясы күшіне енеді. Осылайша, Қазақстан өз дамуының шешуші кезеңіне қадам басады",- деді ол.

Президент бүгін, 5 маусымда бес конституциялық заңға қол қойғанын атап өтті.

"Бұл – жаңа Конституцияға сәйкес мемлекеттік басқару жүйесі "Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасы негізінде түбегейлі жаңғырады деген сөз. Осы құқықтық реформалар елімізде жасалып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге де тың серпін бермек. Сөз соңында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті әзірлеуге және оның нормаларын жүзеге асыруға атсалысқан барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі басқосуда әкімшілік әділет институтын нығайтуға қатысты маңызды ойлар мен ұтымды ұсыныстар айтылады деп сенемін".Мемлекет басшысы

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен бизнес арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы сөз қозғағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады