Алматыда әйел адам көпқабатты тұрғын үйден құлап, қаза тапты

Фото: unsplash
Алматыда әйел адамның қаза табуына байланысты қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Полиция департаментінің 2026 жылғы 5 маусымдағы мәліметінше, оқиға түн ортасына таман Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның көз жұмғанын растады. Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр", – деп хабарлады полиция департаменті.

Қаза тапқан әйел осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны болған. Алдын ала ақпарат бойынша, соңғы уақытта ол жеке жағдайларға байланысты ауыр эмоционалдық күйде жүрген.

Бұған дейін Ақмола облысында 10 жастағы бала суға батып кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады