ҰҚК қазақстандықтарға ескертумен жүгінді

Фото: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 9 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел азаматтарына республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізілетіні ескертілді.

"2026 жылғы 5 мен 30 маусым аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы "Найза-Антитеррор-2026" терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуде. Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жекеленген аудандарда автокөлік қозғалысын уақытша шектеу көзделген". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ведомство қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрады. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеу ұсынылды.

Бұған дейін Алматы облысында жер сілкінісі тіркелгенін жазғанбыз.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды