Алматы облысында жер сілкінісі болды
Сурет: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
Алматы облысында тағы да жер сілкінді. Бұл туралы 2026 жылғы 8 маусымда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтеншеліктердің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
"ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылғы 8 маусымда Астана уақытымен сағат 21:55-те жер сілкінісі тіркелді", деп нақтылайды құзырлы орган.
- Жер сілкінісінің координаттары: 42.920° с.е., 78.188° ш.б.
- Тереңдігі – 5 км.
Есептік қарқындылығы (баллмен):
- Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2,5 балл;
- Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 2 балл.
Қандай да бір қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
- жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- жер сілкінісіне дайын болыңыз;
- қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Бұған дейін 4 маусымда Жетісу және Алматы облыстарында жер сілкінісіне байланысты жедел желі іске қосылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript