Қарағанды облысына жаңа прокурор тағайындалды

Сурет: gov.kz
Қарағанды облысының прокуроры болып әділеттің аға кеңесшісі Мұрат Тілеубердиев тағайындалды.

Облыстық прокуратураның 2026 жылғы 15 маусымдағы мәліметінше, Мұрат Тілеубердиев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдаған.

Ол прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Қызмет барысында Алматы қаласы прокуратурасында түрлі лауазымдарды атқарып, Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, сондай-ақ Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметтерінде жұмыс істеген.

Әр жылдары мемлекет мүддесін сотта қорғау бағытындағы құрылымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаментін басқарған.

2023 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Түркістан облысының прокуроры қызметін атқарды.

Айта кетейік, соңғы айларда еліміздің қадағалау органдарында бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Мәселен, 28 мамырда әділеттің аға кеңесшісі Ержан Дүсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалса, 8 маусымда Бауыржан Мырзакеров Түркістан облысы прокуратурасының тізгінін ұстады.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін