Оқу жылының қорытындысында 790 түлек барлық пәннен жоғары нәтиже көрсетіп, "Алтын белгі" төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар 2 083 мектеп бітіруші үздік үлгідегі аттестат алса, 9-сыныпты аяқтаған 2 168 оқушыға үздік аттестат табысталды.
Аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімдері дәстүрге сай күндіз ұйымдастырылды. Бұл түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және мектеп мәдениетін нығайтуға бағытталды. Салтанатты жиындарға ұстаздар, ата-аналар, қоғам қайраткерлері, білім саласының ардагерлері мен Қамқоршылық кеңестерінің мүшелері қатысты.
Биылғы түлектер әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға да белсенді қатысты. Олар "Мектепке кітап сыйла" және "Мектепке сый" акцияларын қолдап, аумақтарды көгалдандыруға, ағаш пен гүл егуге атсалысты. Сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға және арнаулы медициналық мекемелерге қолдау көрсетті.