БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Еуропалық одақ және бірқатар мемлекеттің елшілерімен кездесті

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, облыс әкімі Нариман Төреғалиев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич бастап келген мәртебелі меймандармен кездесті.

Ресми делегация құрамында Австрия, Бельгия, Кипр, Финляндия, Франция, Латвия, Литва, Португалия, Сербия, Испания, Канада мемлекеттерінің елшілері және Эстония, Польша, Швейцария елдерінің уақытша сенімді өкілдері болды.

Еуроодаққа мүше емес мемлекеттер өкілдерінің де қатысуы халықаралық ынтымақтастықтың ауқымын кеңейтіп, маңызын арттыра түсті. Басты мақсат – арадағы алыс-беріс, барыс-келісті арттыру.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы елшілердің Жайық жеріне ресми сапары Батыс Қазақстан облысы мен Еуроодақ елдері арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

"Күні кеше Брюссельде өткен алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынас шынайы стратегиялық сипатқа ие болғанын атап өтті. Президент тапсырмасына сәйкес тікелей шетелдік инвестиция тарту бағытында біздің аймақта да ауқымды жұмыстар атқарылды. Батыс Қазақстан облысы Болгария, Венгрия, Италия, Германия, Ұлыбритания, Нидерланд Корольдігі, Қытай және Корея Республикасы сияқты елдермен тығыз байланыс орнатты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңіріміздің Еуропалық Одақ елдерімен тауар айналымы 5 млрд доллардан асты", – деді Нариман Төреғалиев.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич мемлекеттер басшылары деңгейіндегі келіссөздер аясында экономикалық ықпалдастықты одан әрі арттырудың маңызын атап өтті.

"Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады. Біз бұл бағыттардағы байланысты бекемдеуге мүдделіміз. Өңірлерге сапардың мақсаты да осы. 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енеді. Тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді. Біз Қазақстандағы барлық саяси өзгерістерге мән беріп, жаңа даму кезеңіне куә болып отырмыз", – деді Алешка Симкич.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Елшілер өңірдің негізгі ерекшеліктері мен инвесторларды қолдау шаралары туралы сұрақтар қойып, өзара пікір алысты.

Айта кетейік, биыл өңірге 1 трлн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті

Қазақстанда жалған психологтармен күрес күшейтіледі: Сенат жаңа заңды мақұлдады