Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна бензин жеткізуді сұрады ма – министр Ақкенженов жауап берді

Фото: Zakon.kz
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 26 маусымда Үкімет кулуарында Ресейге бензин жеткізілуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер Энергетика министрлігінің басшысынан Ресей тарапы Қазақстанға жанармай жеткізу туралы өтінішпен жүгінді ме және 50 мың тонна бензин жеткізілуі мүмкін деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

"Ресей тарапынан бізге ешқандай ресми өтініш түскен жоқ. Мұны тағы да қайталап айтамын, – деді Ерлан Ақкенженов.

Сондай-ақ министрден Ресей тарапынан мұндай өтініш түскен жағдайда Қазақстан жанармай жеткізу мүмкіндігін қарастыра ма деген сауал қойылды.

Оның айтуынша, егер тиісті өтініш келіп түссе, ол белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

Бұған дейін Қазақстанда Қытайдан бензинді кедендік бажсыз әкелуге рұқсат берілуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін